
Қазақстанда Геологтар күні дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол өзінің тарихын посткеңестік замандағы бірқатар басқа елдердегідей КСРО кезеңінен бастап жүргізіп келеді.
Сәуірдің басында сала мамандары жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға дайындығын бастайтындықтан қысқы суықтың аяқталу мен қардың еру кезеңі болғандықтан бұл кез мереке өткізу уақыты ретінде таңдалынған.
Геологтар күніне орай жер қойнауын пайдаланушылары мен департамент қызметкерлеріне өз міндеттерін адал атқарғандығы үшін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінен, Геология комитетінің төрағасынан және «Шығысқазжерқойнауы» департаментінің басшысынан «Еңбек сіңірген» ведомстволық наградалары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді
Құрметті геологтар! Біздің кәсіби мерекеміз Геологтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің жұмысымыз - бұл кәсіп. Күн сайын жаңа идеялар, шабыт және қызықты жобалар әкелсін. Еңбегіңіз үшін рахмет!