
2024 жылы «ҚР аумағының жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету мен геологиялық зерделенуін арттыру» 089 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 2 191 млн.тг бөлінді және игерілді. Жұмыстар 27 объект бойынша жүргізілді, оның ішінде 12 объект бойынша аяқталды (3 – жер асты суларының режимін зерттеу, 8 – регионалдық және 1 – іздеу объектілері).
Сондай-ақ, 7 регионалдық объект бойынша жоблау-сметалық құжаттама әзірленді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың өз қаражаты есебінен жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде комиссия есепті кезеңде KAZRC шаблоны бойынша кең таралған пайдалы қазбалардың қорларының өсімін алды: минералды қорлардың өсімі – 12 000 мың м3 және минералды ресурстар – 9 542 мың м3.
Департамент қызметінің аумағында барлығы 581 кенді және кенді емес кен орындар мемлекеттік теңгеріммен есепке алынған.
Департамент қызметі аумағындағы баланстық қорлардың бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша жалпы қорларға арақатынасы %: алтын - 38%, күміс - 33%, литий - 33%, никель - 33%, мыс - 38%, мырыш - 35%, қорғасын - 20% және тантал - 53%.
2025 жылы негізгі металл бойынша қорлардың өсімі алынды:90,5 тонна - алтын, 450,3 тонна - күміс, 98,5 мың тонна - мыс, 901 мың тонна – мырыш.
01.01.2026 жылғы жағдай бойынша Департамент қызметінің аумағында барлығы 984 жер қойнауын пайдалану объектілері орналасқан: 165 келісімшарт, 614 ҚПҚ барлауға арналған лицензия, 22 ҚПҚ өндіруге арналған лицензия, 74 КПҚ өндіруге арналған лицензия, 33 ЖҚГЗ арналған лицензия, 6 ЖҚКЗ арналған лицензия, 70 кен іздеушілікке арналған лицензия.