Владимир Иванович Белянин 1936 жылдың 22 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Оның табысты кәсіби мансабы көп құрамды болып келеді. 1958 жылы «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша Қазақ тау-кен металлургия институтын үздік бітіріп, «инженер-гидрогеолог» біліктілігіне ие болды. 1958 жылдан бастап Кенді Алтайда қызметін бастады, Белоусов геологиялық-барлау партиясының инженер-гидрогеологынан бастап, Қазақстандағы ең ірі «Шығысқазгеология» өндірістік геологиялық бірлестігінің бас гидрогеологына дейінгі даңқты еңбек жолынан өтті. 1980 жылдан бстап геология-минералогия ғылымдарының кандидаты болып табылады.
Қалаларды, аудан орталықтарын және өнеркәсіптік объектілерін сумен жабдықтау мақсатында Өскемен, Лениногор, Ащысуй, Быструшинское, Глубокое, Глубочанское, Греховское, Журавлихинское, Қайнар, Катонқарағай, Красноярск, Күршім, Парыгинское, Первомайское, Приозерное, Самара, Сибинское, Таврия, Тарғын, Хамир, Чекмарь; жерді суару және сумен жабдықтау үшін - Даировское, Калгутинское, Кулуджунское, Нарымское, Чиликтинское кен орындары; Арасан-Талды, Джеменей, Рахмановские ключи - минералды су кен орындары В.И. Беляниннің тікелей қатысуымен және оның әдістемелік басшылығымен жерасты суларының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында барланды және бекітілді.
Гидрогеологтар - бұл мінезі ерекше, қатайған, батыл, жауапкершілігі мол және шынайы адамдар. Олар судың мөлшері мен сапасы бойынша оң нәтиже ала отырып, сумен жабдықтау көзі ретінде жерасты суларын іздеуге - басты мақсатқа жету идеясына берілген. Владимир Иванович - дәл осындай мықты гидрогеолог.
Владимир Иванович, ең алдымен өзінің феноменальды гидрогеологиялық және фотографиялық жадына сүйене отыра, қателіксіз шешімдер қабылдай алады. Жай ғана картаға қарап, ол кез-келген ұңғыманың қашан және қай жерде бұрғыланғанын, қай көкжиекте және одан қандай дебит алынғандығын айта алады
Пікірі – оның жадынан басқа ең бай тәжірибесіне сүйенеді. 1967 жылдан 1970 жылға дейін ол Ауғанстанға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудегі техникалық көмек көрсету үшін іссапарға жіберілді, онда ол Ауғанстанның минералды суларын зерттеумен, 1:1 000 000 масштабындағы елдің гидрогеологиялық картасын жасаумен және жерасты суларының кен орындарын іздеумен табысты айналысты.
60 жылдан астам уақыт бойы ол жоғары кәсіби деңгейде жерасты суларының кен орындарын іздеумен және барлаумен, қатты пайдалы қазбалар кен орындарының инженерлік-гидрогеологиялық жағдайларын бағалаумен, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының сумен жабдықтау, суару және су ресурстарын қорғау мәселелерінің кең ауқымын қарастырумен айналысты.
Елдің осындай деңгейдегі сала мамандарын саусақпен санауға болады. Ол сирек кездесетін адами қасиеттерге ие, соынмен қатар оны құрметтейді және жақсы көреді. Ол айналасындағының барлығы қайнап жататын тартылыс орталығы іспеттес.
Көп жылдық адал еңбегі үшін В.И. Белянин бірқатар жоғары ведомстволық және салалық марапаттарға ие, оның ішінде «Кен орын ашушы» атағы, «Құрмет Белгісі» ордені, «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» белгісі, 2010 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Владимир Иванович Ресейге қоныс аударса да өз қызметін тоқтатпайды, кәсіпқойлық пен іске деген адалдық шекараны білмейтіндігін растайды.
Құрметті Владимир Иванович! Біз - әріптестеріңіз, Сізді 90-жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз және тәлімгерлік еңбегіңіз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз! Сіздің дарындылығыңыз, мейірімділігіңіз бен рухани жомарттылығыңыз жас ұрпаққа ұзақ уақыт шамшырақ болып қала берсін, ал бейнеңіз үлгі болсын!