
Жұмыстарды 089 республикалық бюджеттік бағдарлама, 102 кіші бағдарлама шеңберінде 06.12.2023 жылғы № 119 Шарт, 18.06.2025 жылғы № 119/5 қосымша келісім негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен «Топаз» ТКК» ЖШС орындады.
Жұмыстардың нысаналы мақсаты Р1, Р2, Р3 санаттары бойынша болжамды ресурстарды бағалай отырып, жаңа кен аудандары мен тораптарын болжамды-перспективалық бағалау және белгілі перспективалық алаңдарда іздестіру жұмыстарын одан әрі бағыттау бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін М-44-82-Б, 83 парақтарының алаңында 1:200 000 масштабта терең минерагендік картаға түсіруді жүргізу болып табылады.
Жұмыс ауданының әкімшілік жағдайы - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Алтай ауданының мәслихатына бағынысты аумақ. Оның ауданы 1662 км2 құрайды.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ЖҚЗ әдістерін, геологиялық бағыттарды, бұрғылау, геофизикалық және зертханалық жұмыстарды пайдалана отырып, геологиялық зерттеулер жүргізілді.
Іздестіру бағыттары едәуір мөлшерде қопсыған түзілімдермен жабылған және тік бедермен күрделенген ГМК-200 алаңында жүргізілді.
Пайдалы қазбалардың болжамды ресурстары одан әрі іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу ұсынысымен Р3 санаты бойынша Осиновка алаңы бойынша бағаланды.
|
№ |
Учаске атауы |
Болжамды ресурстар,
|
ГБЖ ұсынылатын түрлері |
|
1 |
Осиновская площадь (М-44-83-А, В, 34 км2 парағы) |
Р3 Cu - 200 мың. т., Zn - 250 мың. т. (300-600 м тереңдікте) |
Іздеу-барлау жұмыстар (ПР) |