Өндірістік гимнастиканы ұйымдастыру және жүргізу

Өндірістік гимнастиканы ұйымдастыру және жүргізу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру төңірегінде 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін арттыру бойынша Жол картасының 12 тармағын орындау бойынша «Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметкерлері өндірістік гимнастика жүргізді.

Мемлекеттік қызметте жаттығу (өндірістік гимнастика) жүргізу – денсаулықты нығайту және жұмыс өнімділігін арттыру үшін ұсынылған практика, ол жұмыс күнінің бірінші жартысында  10-15 минутты қосатын жаттығулар кешенінен тұрады.

Департамент қызметкерлері жұмыс орнында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бекітілген жұмыс өнімділігін, денсаулықты нығайту және шаршаудың алды-алу мақсатында жұмыс күні режиміне қосылатын қарапайым физикалық жаттығулар кешенін орындады.

Таңғы жаттығулар күні бойға көңіл-күймен және күшпен қуаттандырады, ұжымдық мәдениетті нығайтады, рухани және адамгершілікті дамытады.