«Центргеолсъемка» ЖШС республикалық бюджет есебінен орындалған жұмыс нәтижелері бойынша ақпарат

«Центргеолсъемка» ЖШС республикалық бюджет есебінен орындалған жұмыс нәтижелері бойынша ақпарат

«Центргеолсъемка» ЖШС 2025 жылы 089 республикалық бюджеттік бағдарлама, 102 — кіші бағдарлама бойынша-«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» бойынша жұмыстарды сәтті аяқтады. Нысан- «Базар алаңындағы Жарма-Саур кен белдеуіндегі болжамды ресурстарды бағалай отырып, 1:200 000 масштабтағы терең геологиялық картаға түсіру» (Абай облысы).

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Чанг, Бесқұдық-Саркөл және Солтүстік Керей кен алқаптарын қоса алғанда, түсті және асыл металдарға перспективалы учаскелер бөлінді.

P1 және P2 санаттары бойынша алтынның болжамды ресурстары 6,6 мың тоннадан асатын Чанг кен алқабы ең перспективалы деп танылды.

Жұмыс қорытындысы бойынша өңірдің ресурстық әлеуетін нақтылауға және жаңа алтын кен объектілерін анықтауға бағытталған әрі қарай іздестіру және геологиялық-геофизикалық зерттеулер бойынша ұсынымдар берілді.