
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің нормаларының сақтауы, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде а.ж. 21 қазанында департамент қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің нормаларын сақтауы тақырыбында семинар жүргізілді.
«Шығысқазжерқойнауы» ӨД Әдеп жөніндегі уәкілі Ирина Шадских мемлекеттік қызметшілерге мінез-құлықтың әдеп стандарттары, қызмет барысында және жұмыстан тыс уақытта өзара қарым-қатынас орнату қағидаттары, сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қабылданған дресс-код жөнінде еске салды. Сондай-ақ, ол Әдеп кодексінің нормаларын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылатындығын атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу, моральдық-әдептілік нормаларын сақтау қажеттілігін түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Семинар барысында қызметкерлер пікір алмасып, туындаған барлық сұрақтар бойынша жауап алды.