Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет қабылданған қызметкерлер ант берді

Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет қабылданған қызметкерлер ант берді

Мемлекеттік теңгерім және геологиялық қорлар бөлімінің бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тұңғыш рет қабылданған қызметкер Нұралы Болатқанұлы Зайнуллановтың ант беруіне байланысты «Шығысқазжерқойнауы» ӨД жиын өткізілді.

Департамент басшысы С.А. Айкешовтың және Департамент ұжымының қатысуымен жаңа қызметкер еліміздің Конституциясы мен  заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, біліктілікпен міндеттерін атқаруға және мемлекет мүддесін қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Серік Айкешұлы жас қызметкерді өз мансабындағы осы маңызды қадамымен жеке құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының игілігі үшін өз міндетін адал атқаруын тіледі.