Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына тарту қаупі

Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына тарту қаупі

2025 жылдың 17 қазанында «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес «Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына тарту қаупі» тақырыбында Департамент ұжымының ШҚО Дін істері басқармасының өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.

Деструктивті діни ағымдар – бұл өзінің жақтастарының көмегімен өзінің ықпалын күшейту үшін діни, діни-саяси, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени, сауықтыру және т.б. іс-шаралар арқылы ойларын жасырын насихаттаумен жүргізетін авторитарлық ұйымдар. Олар тұрақты негізде өз қатарларын толықтыруда және олардан келетін ақпаратты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, адамдарды өз қауымдастығында ұстау үшін ешқандай әдістерден бас тартпайды: бұл психологиялық қысым көрсету, қорқыту. Осылайша, олар адамның сөз және ой, ерік-жігер білдіру бостандығы құқығын бұзады.

Басқарма өкілі дін саласындағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарын және діни білім мен ақпаратты алудың дұрыс/ұсынылатын көздерін түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті. Қатысушылармен қойылған барлық сауалдарға толық жауаптар берілді.