«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ 2015 жылғы 18 қарашадағы No 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен 2025 жылдың 3 қыркүйегінен 3 қазанына дейін «Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Жұмыс тобының құрамындағы барлық мүдделі тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Егер де Сізде ӨД қызметіне қатысты ұсыным, шағым немесе басқа да ақпарат болса, vknedra_common@mps.gov.kz электронды поштасына немесе 8 (7232) 26-65-48 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.