Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

2025 жылғы 21 тамызда «жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес 2025 жылғы 3 тоқсанға арналған өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ басшысының міндетін атқарушы Шадских Ирина Александровна жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау шеңберінде азаматтарды қабылдау орталығының базасында Департамент басшысының м.а. бір өтініш берушіні қабылдады. Қабылдауда кең таралған пайдалы қазбалардың қорларын бекіту және оларды теңгерімге қою тәртібі туралы мәселе көтерілді.

Жеке қабылдау нәтижесінде ауызша түсініктемелер берілді, өтініш берушінің өтініші толығымен қанағаттандырылды.