2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларациялар

2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларациялар

2025 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Департамент ұжымы мен «ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ұжымының 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау тақырыбы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының кодексіне» (Салық Кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 15.07.2025 ж. № 208-VIII ҚРЗ Заңымен жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Мәселен, 2025 жылы Р.Ш. Сейлханова 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны ұсынуға міндетті екенін айтты:

1). Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары;

2). 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;

3). Цифрлық активтер болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;

4). Жеке практикамен айналысатын адамдар

 

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2025 жылы 270.00 нысаны бойынша ұсынады:

1). Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

2). Заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары;

3). Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;

4). «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;

5). Жеке практикамен айналысатын адамдар;

6). Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісін алған тұлғалар;

7).Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасы бар тұлғалар жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада;

8). Шетелде мүлкі бар адамдар;

9). Меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

10). Есепті салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар;

11). Салық агентіне басқа шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Декларацияларды тапсыру мерзімі - 15 қыркүйекке дейін.

Кездесу қорытындысы бойынша ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.