Жас геологтардың II Республикалық дала олимпиадасы

Жас геологтардың II Республикалық дала олимпиадасы

2025 жылғы 9 шілдеде Семей қаласында «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да Жас геологтардың II Республикалық дала олимпиадасы басталды, онда бүкіл Қазақстаннан 15 команда қатысады.

Олимпиада – жас қатысушалар мен педагогтар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де әрқашан өмірдегі толқытарлық оқиға. Бұл алаң кәсіби шеберлікті көрсетуге, тәжірибе және шығармашылық жаңалықтар алмасуға арналған.

Геолог – өте маңызды және сұранысқа ие мамандық. Көбінде осы геологтартардың арқасында еліміздің табысты дамуы үшін негіз қалыптастырылады.

Осындай іс-шараларды өткізу геолог мамандығын танымал етуге және жоғары оқу орындар мен колледждер үшін талапкерлер резервін құруға ықпал етеді. «Жас геолог» қорының құрылуымен Қазақстандағы жас геологтардың балалық қозғалысын жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткіміз келеді.

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД ұйымдастырушыларға осы іс-шараның сәтті және жемісті өтуін тілейді. Ең мықты жеңіске жетсін!