«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбындағы семинар.

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбындағы семинар.

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД 2025 жылдың 10 маусымында қызметкерлермен «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Өзгерістер Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына енгізілді.

Басқа мемлекеттік органдағы лауазымға тағайындауды жоспарлайтын мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік органдағы лауазымға тағайындау кезінде тәртіптік теріс қылық жасау жағдайдайындағы жауаптылықтан босатылмайды.

Бұл, жаңа талаптарға сәйкес мемлекеттік саяси немесе әкімшілік қызметшінің алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылу мүмкіндігіне байланысты.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқарған мемлекеттік органның Комиссиясы қарайды және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным шығарылған жағдайда мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамы тиісті материалдарды бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің соңғы жұмыс орны бойынша жібереді.