
Бүгін, 2026 жылғы 18 мамырда ӨД «Орталыққазжерқойнауы» Дін істері басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Жиналысты дінтанушы-инспектор Писклов Олег Анатольевич жүргізді. Кездесу барысында діни экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу шаралары қарастырылды.