Қарағанды облысы әкімінің бастауымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» өңіраралық департаменті, академик Зейнолла Молдахметов, Қарағанды техникалық университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева, ғалым Серғазы Әдекенов, облыстың құрметті азаматтары, ардагерлер, жастар және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Ғылым күні аясында өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сәтбаев мұрасы – бүгінгі дамуымыздың темірқазығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ғылымды дамыту – басым бағыттардың бірі.
Өңірде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жас ғалымдарға қолдау көрсетілуде. Бұл тағзым – жас буынға үлгі.