
Жер қойнауын пайдаланушылардың назарына!
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ Кодексінің 90, 195-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ағымдағы жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей «Орталыққазжерқойнауы» ӨД 2025 жылға арналған мерзімді геологиялық есептерді ұсынуы қажет. Есептерді «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.05.2018 ж. № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 25 тамыздағы №200 бұйрығына сәйкес нысан бойынша жасау қажет.
ҚР ИДМ м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 392 «Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген пайдалы қатты қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді өткен күнтізбелік жылға 30 сәуірден кешіктірмей ұсыну қажет. Есептерді екі данада қағаз тасығышта және электрондық
тасығышта сканерленген нысанда ұсыну қажет.
ҚР ИДМ м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «О», «Н», «М» нысандары бойынша паспорттарды ұсыну қажет.