«Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ 2025 жылғы 15 қыркүйекте Кеңес отырысында «Азимут Геология» ЖШС ұсынған «Қарағанды облысы және Ұлытау облысы аумағында жерасты суларының жай-күйі мен ұтымды пайдаланылуын режимдік бақылау, режим мен теңгерімді зерттеу» есебі қаралды. Жұмыстардың нысаналы мақсаты Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының аумағындағы режимді құрайтын факторлардың және шаруашылық қызметтің әсерімен табиғи және бұзылған жағдайларда жерасты суларының режимі мен теңгерімін зерделеу болып табылады; ластану учаскелеріндегі жерасты суларының жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеу; жерасты суларының мемлекеттік мониторингін жүргізу үшін деректер базасын қалыптастыру.
Стационарлық режимдік бақылау 25 бекетке шоғырланған мемлекеттік режимдік желінің 391 ұңғымасы бойынша жүргізілді. Қарағанды облысында 20 бақылау бекеті жұмыс істейді. Ұлытау облысында - 5 бекет.
Есепте 9 кен орнында: Жартас, Қотар, Көктал, «Жоғарғы бьеф», Төменгі Қырау, Тұзкөл, Жоғарғы Сокыр, Михайлов және Жосалы кен орындарында жер асты суларының қазіргі жай-күйіне талдау жасалған.
Жер асты суларының жай-күйі мен ұтымды пайдаланылуын зерттеу қолданыстағы әдістемелік ұсынымдар мен нормативтік талаптарға сәйкес жүргізілді. Есепте 65 бақылау ұңғымасы шоғырланған Қарағанды облысының 3 ластану объектісі бойынша режимдік бақылаулардың нәтижелері ұсынылған.
Ластану саласының даму серпінін бағалау үшін режимдік желіні кеңейту қажет. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жер асты суларының ластану ошақтарының болуын және Нұра өзенінің алқабындағы, Ше-рубайнура-Сокыр өзендері арасындағы ластану бойынша ықтимал қауіпті объектілерде мемлекеттік бақылау желісін сақтау қажеттілігін растайтын деректер алынды.
Есепті кезең ішінде «режим және су алу», «гидрохимия», «қорлар және пайдалану» кіші жүйелері бойынша ағымдағы және ретроспективті ақпаратпен дерекқорды толықтыру жүргізілді.
Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының аумағында жерасты суларының режимін, теңгерімін, жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.