Орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда түрлі инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі (оқу сауаттылығы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру)» шеберлік сыныптары өтті.

Орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда түрлі инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі (оқу сауаттылығы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру)» шеберлік сыныптары өтті.
Шеберлік сыныптары
 
Жарма ауданы білім бөлімнің жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 20 – желтоқсанында Маяковский атындағы орта мектебінің базасында орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда түрлі инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі (оқу сауаттылығы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру)» шеберлік сыныптары өтті.
Мақсаты: Сабақта түрлі инновациялық технологияларды қолдану арқылы орыс сыныптарында оқитын оқушылардың сөйлеу мәдениетін, оқу сауаттылығын арттыру, дамыту, тілдік дағдыларды, шығармашылық ойлау қабылетін қалыптастыру,
Шеберлік сыныптары Маяковский атындағы орта мектебінің педагог – психологы Уранова Тоғжан Ысқаққызының қатысушыларға көтеріңкі көңіл –күй сыйлаған қызықты тренинг сабағынан бастау алды.
Шеберлік сыныптарында Маяковский атындағы орта мектебінің пән мұғалімі С. Байнуркашева, Георгиевка орта мектебінің пән мұғалімі К. Уайданова, П. Карелин атындағы орта мектебінің пән мұғалімі С. Кабдуллина іс- тәжірибелерімен бөлісті.
  Шеберлік сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқытуда түрлі инновациялық әдіс – тәсілдерді – «Ой түрткі», «Үнсіз бейнелер», Тарсия» әдісі, «Бір сөйлемнен түйіндеу», суреттер арқылы тақырыпты ашу т. б тәсілдер қолданған түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындап, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын меңгерді.
Шеберлік сыныптары барысында   Маяковский атындағы орта мектебінің өзге ұлт өкілдері оқушылары өздерінің  мемлекеттік тілге деген айрықша қызығушылықтары, ынта – ықластарымен риза етті, бұл осы білім мекемесіндегі сабақ беруші пән мұғалімдері жұмысының нәтижесі.
  Б. Тұрсынов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Тулеуханова «Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы  белсенді әдіс – тәсілдер» туралы тәжірибесін ұсынды.
  Ассоцияция мүшелерінен құрылған арнайы сарапшылар құрамы, пән мұғалімдері, білім бөлімінің әдіскері Н. Жанаева әр еңбек өтілі бар педагогтердің шеберлігін, біліктілігін арттыруда өткізілген шеберлік сыныптарының маңыздылығын атап өтті.
Пән мұғалімдері өздеріне қажетті материалдарды жинақтап алды.
      Сонымен бірге мектеп әкімшілігіне, мектептің пән мұғалімдеріне шеберлік сыныптарының өтуіне қолайлы жағдай жасалғаны үшін ризашылықтарын білдірді.