Жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті

Жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19-желтоқсанында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының базасында асық ойынын кеңінен тарату, насихаттау, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті. Жарысқа жиыны 17 команда қатысты.
Нәтижесінде:
7-8 сынып қыздар(бес асық)
🥇орын Васильковка негізгі мектебінің командасы, жаттықтырушы-Бейсенбаев Дархан Советкалиевич;
🥈орын Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының командасы, жаттықтырушы-Сакаев Еркин Бекенович;
🥉 орын Қажыкелді атындағы негізгі мектебінің командасы, жаттықтырушы-Кусманов Ардақ Асхатович.
7-8 сынып ұлдар(асық ату)
🥇орын Васильковка негізгі мектебінің командасы, жаттықтырушы-Бейсенбаев Дархан Советкалиевич;
🥈орын Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясының командасы, жетекшісі- Сакаев Еркин Бекенович;
🥉орын П. Теряев атындағы №17 орта мектебінің командасы, жетекшісі- Кудебаев Беибыт Серікбекұлы.
🥇орын алған командалар Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз!