«Бестемше» қазақ ұлттық ойыны

«Бестемше» қазақ ұлттық ойыны

2024 жылдың 29 мамырында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі мекемелердің дене шынықтыру нұсқаушылары, тәрбиешілері және педагогтері арасында «Бестемше» қазақ ұлттық ойынынан Абай облысының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа облыс бойынша 10 команда қатысты. Жарыстың нәтижесінде Жарма ауданы білім бөлімінің «Алтынай» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дене шынықтыру нұсқаушысы Муратбеков Досым Кенжебекович, тәрбиеші Жанбайсенова Салтанат Кадылхановна қатысып, жүлделі I орынды иеленді.
Бестемше – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Бестемше ойынын қазақ халқы ойлап шығарған және бұл есеп ойыны. Бұл ойынды ойы биік, есепке жүйрік балалар өте жақсы ойнайды.Талай ғасыр түркі халықтарының сүйікті ойыны болған бестемше елімізде жаңғыру аясында қайта түледі. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың өз ұлттық ойындары бар. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып айта алатындар сирек. Бұл ойынның басты қасиеті –баланың санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады.
Бестемше ойынын балаларға ойнату тиімді, өйткені бұл барынша жеңіл әрі ережесі қарапайым, балаларға есептің 4 амалын меңгерумен бірге ойлау қабілетін қалыптастырады. Бестемшені бес ұяшық, бес таспен ойнайды. Бестемшенің маңыздылығы бұл ойынға барлық бала қатыса алады, нәтижесінде бала тез санап үйренеді.