Химия және биология пән мұғалімдерінің І облыстық олимпиадасы

Химия және биология пән мұғалімдерінің І облыстық олимпиадасы

2024 жылдың 25 сәуір күні Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру мақсатында химия және биология пән мұғалімдерінің І облыстық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға аудандық, қалалық, және облыстық білім беру ұйымдарының биология және химия пәні мұғалімдері қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Жарма ауданынан Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Манханова Алтын Канагатовна ІІІ дәрежелі, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Нурахметова Кульжанар Коксегоневна ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Жеңімпаз ұстаздарды құттықтаймыз!