«Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

«Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2024 жылдың 12 сәуірінде Семей қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының базасында Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды.
І кезең – жазбаша – эссе;
ІІ кезең –жазбаша- қазақ тілі, қазақ әдебиеті бойынша теориялық, практикалық тапсырмалар, Қ. Бітібаеваның өмірі мен оның ғылыми мұрасы, публицистикалық еңбектері туралы тапсырмалар берілді. Олимпиадаға мектебімізден 10- сынып оқушысы Кайсанова Карина мен 11- сынып оқушысы Жанахмет Мадина қатысып қайтты. Жанахмет Мадина жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Матанова Алма Секеновна. Білім додасында жақсы нәтиже көрсете білген Мадинаны және жетекшісі Матанова Алма Секеновнаны жеңісімен құттықтаймыз!