«Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы

«Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы

Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 25 сәуірі мен 25-мамыры аралығында дүниежүзі тарихы бойынша «Әлемдік мәдениет жауһарлары» тақырыбындағы «Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Дарынды тарих пәні мұғалімдерін анықтау және озық педагогикалық тәжірибені тарату, «қиын тақырыптар» қатарына жататын әлемдік мәдениет тарихы бойынша әдістемелік көмек базасын құрау.
Байқауға ауданымыздан тарих пәні мұғалімдері қатысты.
​Байқау жеңімпаздары Грамотамен марапатталады, ал қатысушыларға сертификат беріледі.
«Әлемдік мәдениет жауһарлары» тақырыбындағы дүниежүзі тарихы бойынша “Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауының жеңімпаздары:
«Үздік сабақ әзірлемесі» номинациясы бойынша:
І орын- Сыдыкова Анар Ахановна;
 «Үздік презентация» номинациясы бойынша:
ІІІ орын -Аязбаева Сандугаш Кабийдоллаевна;
«Сандық ресурстар қолданылған үздік тапсырмалар жинағы» номинациясы бойынша
І орын- Омарова Умут Жармухаметовна;
«Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша:
ІІІ орын - Нурмухаметова Айдана Дәулетбекқызы.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!