2022 жылдың 22 қыркүйегінде ауданның білім беру мекемелерінде Мектеп Парламент президенттерінің бірыңғай сайлау күні өткізілді.
Мектеп парламентінің мақсаты: Мектеп оқушылары парламенті балалардың әлеуметтік белсенділігін, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектеп басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысанын дамыту.
Парламент міндеттері:
Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де меселелерін шешуге;
Білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету.
Парламент көшбасшы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.