Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған XI Халықаралық әскери – патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған XI Халықаралық әскери – патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті

2025 жылдың 22 - 24 маусымы аралығында Ақтөбе облысының «Хлебодаровка» оқу жаттығу орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылыдығына және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған XI Халықаралық әскери – патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті.
Нәтижесінде:
Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Бритнер Ника, Георгиевка орта мектебінің 10 – сынып оқушылары Қалижаров Олжас, Жұмағазы Шұғыла, Амангелді Расул, Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешенінің түлегі Айтқазы Мансұр қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі I орынды иеленді.
Жетекшілері: Рахимгалиев Даулетқазы, Ашиманов Нуржан, Сарсембай Жарас.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!