Дала қыраның сақтау бойынша халықаралық семинар

Дала қыраның сақтау бойынша халықаралық семинар

2025 жылдың мамыр айының басында Астанада дала қыраның (Aquila nipalensis) сақтау жөніндегі Жаһандық іс-қимыл жоспарының жобасын талқылауға арналған халықаралық кездесу өтті. Іс-шара Африка мен Еуразиядағы қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум (Raptors MOU) шеңберінде, Raptors MOU үйлестіру орталығының, Құстарды қорғау жөніндегі Корольдік қоғамның (RSPB) және Қазақстан биоәртү рлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинарға дала қыранының таралу аймағы мен көші-қон жолына кіретін елдердің — Орталық Азия, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Африка — табиғатты қорғау саласындағы мекемелері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.
Алғашқы сөз кезегі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ким А.В. Қазақстанның дала қыранын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті:
«Қазақстан аумағы дала қыранының ұя салуына аса маңызды аймақ болып табылады. Үкімет, ғылыми және қоғамдық ұйымдар бұл түрді зерттеу және сақтау бойынша түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Мұндай кездесудің елордада өтуі — биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігіміздің көрінісі», — деді Ким А.В.
Жоспар жобасын 2026 жылы Қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлерін сақтау туралы конвенция (CMS) тараптарының 15-ші конференциясында (COP15) бекітуге ұсыну жоспарлануда.