«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюы қайтадан түсіп қалды.
Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді.
Аталған дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігінің маңызды айғағы болып табылады.
Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.