Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті

Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ерекше оқиға орын алды: Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсетті. Бұл фототұзақ Орталық Азия барысты зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған болатын. 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін фототұзақтар барысты төрт рет тіркеген. Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.
Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасуда.