«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

Жедел ақпаратқа сәйкес, өрт 36–41-кварталдарда Жасыбай орманшылығында орын алды. Өрттің шығу себебі нақтылануда. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 20 га, оның ішінде орманмен жапқан жердің аумағы 10 га (нақтылауда).

Өртті сөндіруге қатысқандар:
• ЭТРМ(орман күзеті) – 65 адам, 19 техника бірлігі;
• ТЖҚ – 39 адам, 11 техника бірлігі;
• ЖАО – 95 адам, 27 техника бірлігі;
• ДП – 20 адам, 5 техника бірлігі.

Өртті сөндіруді басқарушы: Генеральный директор ГНПП «Баянауыл» Жусупов Аждар Сагинтаевич.

2025 жылғы 5 сәуір, сағат 09:05 жағдай бойынша өрт толықтай сөндірілді.

Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Қосымша ақпарат жағдайдың дамуымен бірге беріледі.