«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт оқшауланды

«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт оқшауланды
2025 жылғы 5 сәуір. Сағат 08:00 жағдай бойынша өрт оқшауланды.
 
Өртті сөндіруге жұмылдырылды:
•ЭТРМ (орман күзеті) – 143 адам, 65 техника бірлігі;
•ЖАО – 30 адам, 11 техника бірлігі;
•ТЖМ – 60 адам, 20 техника бірлігі;
•ІІМ – 10 адам, 3 техника бірлігі.
 
Өртті сөндіруді басқарушы: «Семей орманы» МОТР бас директоры Байбулатов Дәулет Кәкенұлы.
 
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті толық жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
 
Қосымша ақпарат жағдайдың дамуымен бірге беріледі.