«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат

«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат
2025 жылғы 4 сәуірде, сағат 14:24-де Морозов филиалының Сосновский орман шаруашылығында орман өртi анықталды. Өрттің аумағы нақтыланып жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары 14:47-де басталды.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша, дала өртi мемлекеттік орман қоры аумағына өткен.
 
Өртті сөндіруге қатысушылар:
•ЭТРМ (орман қорғау) – 143 адам, 65 техника бірлігі;
•ЖАО – 30 адам, 11 техника бірлігі;
•ТЖМ – 60 адам, 20 техника бірлігі;
•ІІМ – 10 адам, 3 техника бірлігі.
 
5 сәуірде 06:00-де 1-сыныпты 2 әуе кемесінің ұшуы жоспарланған, соның ішінде 1 кеме Қазавиаорманқорғау.
 
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, оның толық жойылуы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
 
Қосымша ақпарат жағдайдың дамуына байланысты беріледі.