Жедел ақпаратқа сәйкес, өрт 36–41-кварталдарда Жасыбай орманшылығында орын алды. Өрттің шығу себебі нақтылануда. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 60 га (нақтылауда).
Өртті сөндіру жұмыстары 16:33-те басталды. Оған мемлекеттік орман күзеті мен ТЖМ-нің 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.
4 сәуір күні сағат 20:12-дегі жағдай бойынша өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру және оның жақын аумақтарға таралуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Оқиғаның даму барысына байланысты қосымша ақпарат беріледі.