Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды ұрлаудың алдын алды

Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды ұрлаудың алдын алды

Щучинск-Бурабай курорттық аймағына жақын жерде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрған арнайы жедел топ жас ағаштарды заңсыз қазып алу және ұрлау әрекетін тоқтатты.

2025 жылғы 17 наурызда рейдтік іс-шара барысында табиғат қорғау инспекторлары орман шетінде жас қылқан жапырақты ағаштарды қазып жатқан 8 ер адамды байқап қалды. Тексеру кезінде ұсталғандар ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Барлығы 37 қарағай қазылып, әкетуге дайындалған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шұғыл шақырылып, барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ҚК 24 және 188-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Аталған құқықбұзушылыққа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.