Алматы облысында браконьерлік фактісі анықталды

Алматы облысында браконьерлік фактісі анықталды


2025 жылғы 22 қаңтарда “Охотзоопром” ӨБ” РМҚК инспекторларының қатысуымен Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қаншенгел ауылының солтүстігінде өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында «УАЗ» маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлік ішінде төрт жергілікті тұрғын болған.

Көлікті тексеру кезінде Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аңына ұқсас ұша, екі дана қоян ұшасы, қолдан жасалған қолшам және екі дана аңшы қаруы табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екенін ескере отырып, материалдар белгіленген тәртіп бойынша жергілікті полиция бөліміне берілді.