2024 жылдың 20 қарашасында Павлодар облысында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «ОХОТЗООПРОМ»ӨБ» РМҚК инспекторлары Tank-300 маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатқан
Тексеру барысында еліктің еті және ИЖ-27 маркалы аңшылық мылтығы табылды, бірақ тиісті рұқсат құжаты болмаған.
Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық ережелерін қатаң сақтаудың қажеттігін еске салып, браконьерлік үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Қоршаған орта қорғау шаралары облыс аумағында күшейтілген режимде жалғасуда.