Табиғат қорғау жұмыстарының қорытындылары мен алдағы жоспарлар талқыланды

Табиғат қорғау жұмыстарының қорытындылары мен алдағы жоспарлар талқыланды

16 қараша 2024 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев Алматы және Жетісу облыстарының табиғат қорғау мекемелерінің 10 ай ішіндегі жұмыстарының қорытынды есебін тыңдап, 2025 жылға арналған жоспарлармен танысты.

Кездесу барысында табиғат қорғау шараларының нәтижелері талқыланып, келесі жылға арналған жоспарлар нақтыланды. Төраға Данияр Тұрғамбаев алдағы кезеңде жұмыс сапасын арттыру мен экологиялық мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.