2024 жылғы 22 қазанда Түркістан облысының аумағында “Охотзоопром”ӨБ” РМҚК ЖӘЕТ инспекторлары Жамбыл және Алматы облыстарының төрт тұрғынын, оның ішінде Жанатас қаласында учаскелік инспектор болып жұмыс істейтін полиция қызметкерін ұстады.
Тіркеу нөмірлері жоқ «Тойота Лэнд Крузер» маркалы автокөлікті тексеру барысында салонында 16 киік ұшасын, 13 киік бас бөлігі мен мүйіздерін, 12-ші калибрлі 2 тегіс ұңғылы қару (бірінде идентификациялық нөмірдің жойылу белгілері бар), 59 патрон және 4 прожектор (фар) табылды.
Материалдар әрі қарай тергеу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.