Іле-Балқаш резерватында жолбарыстарға арналған қоршауларды орнатудың соңғы кезеңі

Іле-Балқаш резерватында жолбарыстарға арналған қоршауларды орнатудың соңғы кезеңі

Іле-Балқаш резерватында жолбарыстарды жерсіндіру бойынша қорытынды және маңызды кезеңдердің бірі-қоршауларды орнату жұмыстары басталды. Бұл кезең жолбарыстарды табиғи мекендеу ортасына қайтаруға дайындауда және Қазақстанда осы жыртқыштардың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Резерватқа Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы Данияр Тұрғамбаев келді. Сапардың мақсаты қоршауларды орнату жұмыстарының барысымен танысу болды. Төраға осы кезеңнің маңыздылығын және жобаны іске асыру процесінде өңірдің бірегей экожүйесін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.