Меморандум аясындағы кездесулер

Меморандум аясындағы кездесулер

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Xi’an Lvhuan Forest Technology Service Co. Ltd» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2024 жылғы 13 наурызда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарына қатысты, атап айтқанда Абай және Қостанай облыстарының МОҚ жерлерінде көміртекті офсеттер мен өртең ысын өңдеу бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Талқылау барысында Қытай тарапының өкілдері Қазақстан Республикасының ормандарында, шалғындарында және сулы-батпақты жерлерінде көміртекті сіңіру жобасы бойынша әзірленіп жатқан жоспар үшін ақпарат алу бөлігінде бірқатар мәселелерді айтты, онда биржада (Verra-ҚХР) жүзеге асыру мақсатында кейіннен көміртекті сіңіру көлемін айқындай отырып, 1 млн гектардан астам аумақта зерттеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар Қытай тарапы Абай және Қостанай облыстарында ағаш өңдеу бойынша екі зауыт орната отырып, өртең ысын өңдеуге қатысуға ниет білдірді. Сонымен қатар Қазақинвест базасында осы жобаларды іске асыру бойынша жедел үйлестіру үшін жұмыс тобын құру жоспарлануда.