«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекен ететін, Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтардың санақ жұмыстары жүргізілуде

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекен ететін, Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтардың санақ жұмыстары жүргізілуде

   «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағымдағы жылдың 22-23 ақпан күндері парк аумағында мекен ететін Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтардың санын анықтау мақсатында санақ жұмыстары жүргізілуде. Санақ жұмыстары ҚР Білім және ғылым министірлігі Ұлттық ғылым академиясының зоология институты, «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-і, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы,  Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Жоңғар-Алатауы» МҰТП-і қызметкерлерінің қатысуымен өтуде.