Ырғыз-Торғай резерватындағы Бұйрабас бірқазандар

Ырғыз-Торғай резерватындағы Бұйрабас бірқазандар

ҚР Қызыл кітабына және ХТҚО енген.Ұя салатын және ұшып өтетін түр Салмағы 13кг, қанат құлашы 270-320 см болатын ірі құс. Реңі ақшыл, қауырсындары сұрлау құс. Басындағы қауырсындары бұйра, ал тұмсығы қызғылт. Қызғылт бірқазаннан ерекшелігі – қауырсынында қызғылт рең болмайды. Мөлшері біршама үлкен, қанаттарының астыңғы жағы күңгірт түстен, ашық түске дейін өзгереді. Ұясында 2-4 жұмыртқа болады, аналығы 1 айдай шайқайды. Ересектері балапандарын алқым қапшығындағы жартылай қорытылған азықпен, кейін балықпен қоректендіреді. 2,5 айда жас құстар қанатына қонады. Наурыз айында ұшып келіп, көлдердің мұз басуына қарай ұшып кетеді. Ырғыз-Торғай резерватында және Торғай зоологиялық қаумалы территориясында Алакөл, Байтақ көл, Жігіт көл, Бақшақкөлде кездеседі.
Суреттерде Ырғыз-Торғай резерватында түсірілген Бұйрабас бірқазандар.