Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет киіктерді қорғау және оларды есепке алу жүйесін құру бойынша бірқатар шаралар қабылдады, бұл шаралар киіктер санын тұрақтандыруға және олардың популяциясының деградацияға ұшырауын тоқтатуға, киіктердің тұрақты даму деңгейіне және өздігінен өндірілетін ресурстарын кәсіптік пайдалану мүмкіндігіне дейін популяцияны қалпына келтіру үшін объективті негіздер құруға мүмкіндік берді.
Аталған шаралар кешені республикада киіктер популяциясын 2003 жылы 21 мың дарақтан 2023 жылы 1 млн. 950 мың дараққа дейін сақтау және қалпына келтіру барысында айтарлықтар жетістікке қол жеткізді.
1970-1980 жылдар аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында қысқы жайылымдарда (киіктер үшін ең қиын) азықтың орташа өнімділігі, жануарлардың азыққа тәуліктік қажеттілігі және олардың қысқы жайылымдарда болу ұзақтығы негізінде есептелген киік популяцияларының ғылыми негізделген оңтайлы саны 800-900 мың дарақ деңгейінде айқындалды.
Қазіргі уақытта ғалымдар киіктердің ең аз тұрақты санын 1 млн. басқа белгілеген, осы шекті деңгейге жеткенде кез келген алып қоюды тоқтату керек.
Сонымен бірге жыл сайынғы 40% өсімнің болжамды деректері бойынша 2025 жылдың соңына қарай киіктер саны 4,2 млн. дараққа жетеді, бұл киік мекендейтін аймақтарда ауыл шаруашылығымен шиеленіс сияқты әлеуметтік алаңдаушылық тудыратын күрделі проблемаларға алып келеді.
Сондай-ақ қысқы кезеңде киіктер санының көптігіне, табиғи жайылымдардың шамадан тыс тапталуына, шөптердің түрлік құрамының азайп кетуіне және популяциялардағы жануарлардың аз қоректенуіне байланысты жаппай қырылу қаупі бар.
Осыған байланысты, олардың санын популяциялардың ең жоғары деңгейін қолдайтын және киіктердің сақталуына қауіп төндірмейтін оңтайлы көрсеткіштерге келтіру мақсатында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК (жарғылық қызмет түрінің бірі жабайы жануарларды реттеуді жүзеге асыру болып табылады) мамандандырылған кәсіпорыны (бұдан әрі - «Охотзоопром») Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары әзірлеген Биологиялық негіздеменің шеңберінде киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен киіктер жануарлардың реттелетін түрлерінің тізбесіне енгізілді (ҚР АШМ 2010 жылғы 14 сәуірдегі 258 бұйрығы, түзетулер 2023 жылғы 6 қазанда күшіне енді).
Киіктердің санын реттеу киіктердің ауыл шаруашылығына теріс әсерін азайту, биологиялық тепе-теңдікті сақтау, азықтандыру мен эпизоотия салдарынан жаппай қырылу қаупін болдырмау мақсатында жүргізілетін мәжбүрлі шара екенін атап өту қажет.
Охотзоопром киіктер санын реттеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Биологиялық негіздеменің ұсынымдарына сәйкес киіктердің санын реттеудің: желілік коралды пайдаланып аулау және автокөлік пен қосымша жарық көздерін пайдалану арқылы атып алу әдістерін қолданады.
Бұл мақсатта Охотзоопром шарт шеңберінде жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып, киіктер санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізетін қағушы мен аңшыларды жалдап алады.
Киіктер санын реттеу бойынша іс-шараларды өткізу барысында браконьерлік фактілеріне жол бермеу мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары, құқық қорғау органдарының өкілдері және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары бақылауды жүзеге асырады.
2024 жылғы 16 қаңтарда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің маңында киіктер санын реттеу жүргізу барысында жергілікті тұрғындар мен Охотзоопром инспекторлары арасында болған жанжалға қатысты осы аудандағы киіктер санын реттеуді аңшы жасалған шартқа сәйкес автокөлік пен қосымша жарық көздерін қолдана отырып, түнгі уақытта ату әдісімен жүргізгенін хабарлаймыз. Тиісінше, киіктер санын реттеу жүргізілген аумақты таңертең айналып өту барысында жаралы аңдарды жинап алу жүзеге асырылады.
Сонымен бірге Биологиялық негіздемеде (10-тармақ) алынатын дарақтардың жалпы санының 10% мөлшерінде жаралы аңдардың қалдықтарына жол беріледі. Бұл көрсеткіш бұрын аңды аулау кезінде 18%-ға дейін болған, жарамсыз ұшалар табылған кезде жойылуы керек екенін атап өткен жөн.
Алайда, жанжал барысында жергілікті тұрғындар киіктердің өлекселерін жинауға мүмкіндік бермеген, олардың талаптары бойынша бұл ұшалар Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде, онда жергілікті тұрғындар мен Охотзоопром инспекторларының іс-әрекеттеріне тергеу амалдары аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары құқықтық бағасын береді.
Бұдан басқа, киіктердің санын реттеу мемлекет үшін коммерциялық пайданы көздемейтін мәжбүрлі шара екенін атап өту қажет деп санаймыз. Аңшылардың қызметтеріне жұмсалған барлық қаражат киіктерді әрі қарай өңдеу және елдің халқына сату үшін ет комбинаттарына өткізілетін олардың атылған ұшалары есебінен өтеледі.
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Ащысу өзенінің бойында киіктердің қаза болу фактісіне қатысты мынаны хабарлаймыз.
2024 жылғы 19 қаңтарда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Қоскөл ауылдық округі әкімдігінің, Ұлытау аудандық полиция басқармасының, Ұлытау ауданының ветеринариялық станциясының өкілдерімен бірлесіп Ұлытау ауданының Қоскөл кентінен солтүстікке қарай 25 шақырым жерде 51 киіктің ұшасын тапқан (50 аталық, 1 аналық бар).
Киіктердің өлекселерін тексеру кезінде олардың табиғи себептермен, күйлеуден кейін қалжырап барып қаза тапқаны анықталды. Ұшаларда атылған оқтың іздері жоқ.
Комиссияның шешімі бойынша киіктердің ұшалары анықталған жерде өртеу жолымен жойылды. Тиісті акт жасалып, бейне және фото түсірілім жүргізілді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 20 қаңтарда Жаңарқа ауданының Шұбаркөл-Қызылжар теміржолының бойында киіктердің бірнеше ұшасы жатқаны жайлы ақпарат келіп түсті.
Бұл ақпаратты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары тексерген кезде 25 киіктің өлген фактісі расталды, материалдар Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ІІБ-не берілді және сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу органдарының ақпараты бойынша киіктердің өліміне тепловозбен соқтығысу себеп болған. Тергеу амалдары жүргізілуде.