Қазақстандағы қар барысының саны бойынша

Қазақстандағы қар барысының саны бойынша

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Energyprom.kz мониторингтік агенттік ұсынған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Зоология институтының санағына сәйкес Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.

Фото: paryz.kz