Қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

2023 жылғы 4 желтоқсанда Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорық аймағы инспекторлары рейдтік іс-шара кезінде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек кентінің оңтүстігінде «Ниссан Патрол» көлігін кезіктірген.

Инспекторлық топ жақындаған кезде жоғарыда аталған автокөлік қаша бастаған. «Охотзоопром ӨБ» РМҚК автокөлігімен соқтығысқан «Ниссан Патрол» мәжбүрлі түрде тоқтатылған.

Тексеру кезінде көліктен екі мылтық, манайдан қарақұйрық ұшалары мен оқ-дәрі гильзалары табылған.

Оқиға орнына Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің жедел тобы шақырылып, табылған заттай дәлелдемелер мен құқық бұзушыларды алып кетті.