Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің 22-отырысы өтті

Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің 22-отырысы өтті

2023 жылғы 28-29 қарашада Минскіде Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңестің 22-отырысы өтті.

Отырысқа орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев және Абай облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мақсат Елемесов қатысты.

Шарада шекара маңы аумақтарындағы орман аурулары мен зиянкестері ошақтарының алдын алу және жою, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарындағы табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі өзара іс-қимыл туралы келісімді іске асыру секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Қатысушы мемлекеттер орман өрттерін ерте анықтаудың бірыңғай ақпараттық жүйелерін әзірлеу, орман өрттерін сөндіру бойынша бірлескен тактикалық оқу-жаттығулар өткізу, орман саласын цифрландыруды дамыту, сондай-ақ орман шаруашылығын «үздіксіз» орман орналастыруға ауыстыруға мүмкіндік беретін технологияларды енгізу жөніндегі ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті.