«Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 25 жыл!

«Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 25 жыл!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1212 қаулысымен 1998 жылы 1 желтоқсанда «Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.

Жалпы ауданы – 112 120 га болатын ұлттық табиғи парктің ашылу мақсаты – Қарқаралы және Кент тау ормандарының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру.

Парк 4 орманшылықтан және жалпы ауданы 45 160 га болатын «Белдеутас» және «Бектауата» зоологиялық табиғи қорықтардан тұрады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев «Қарқаралы» мемлекеттік ұлттық табиғи парк ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, толайым табыс тіледі.

Қарқаралы орманын қорғау ісі 1884 жылдың 1 наурызынан басталған. Ғасырдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі ел игілігіне пайдаланылып келеді.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз!