Қар барысы (Ілбіс) – Орталық Азия тауларында кездесетін ірі мысықтұқымдас жыртқыш. Ілбістің аталығын – барыс, аналығын – таутан, баласын – алан деп атайды.
Таутандары көп жағдайда дүниеге бір аланнан әкеледі. 2020-2022 жылдары екі аланын ерткен ілбіс үш рет фототұзаққа түссе, 2020 жылы тұңғыш рет үш аланды дүниеге әкелу фактісі тіркелген.
Жыртқыш Алматы қорығының барлық шатқалдарында мекен етеді. Қорық аумағы – ілбістердің жеке түрлері мен популяциясы үшін негізгі көбею мекені.
Айта кетейік, «Алматы қорығындағы қар барысының экологиялық мониторингі» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.