Каспий итбалығын зерттеу экспедициясы

Каспий итбалығын зерттеу экспедициясы

2019 жылдың ақпанында Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты мен А.И. Северцов атындағы Экологиялық проблемалар және эволюция институтының ғылыми мамандары каспий итбалығының популяциясын зерттеу мақсатында арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырды.

Экспедиция барысында мамандар итбалықтан және жаңадан туылған төлдерінен сынамалар алып, төлдеу кезеңіне бақылау жүргізді.

Каспий итбалығы – Каспий теңізінің фаунасындағы жалғыз теңіз сүтқоректісінің түрі.

Еске салсақ, 2019 жылдың маусымында Ерлан Нысанбаев Сенатта каспийлік итбалық популяциясының мәселесі бойынша сөйлеген болатын.

Парламент қабырғасында вице-министр каспий маңы елдерінің ғылыми зерттеулерінің қорытындысын жариялады. Ғалымдардың бағалауы бойынша итбалықтың саны әртүрлі және бірыңғай әдістемені пайдаланып ортақ зерттеу жұмыстарын өткізу керек.

Осыған орай, 2019 жылдың шілдесінде қазақстандық және ресейлік ғалымдар 5 жылға жоспарланған Солтүстік Каспийдің акваториясындағы итбалықтардың популяциясын зерттеуге арналған Бағдарламасын бекітті.