Еліміздің 160 табиғат қорғау мекемелері мен кәсіпорындарында 17,4 мыңға жуық орманшылар жұмыс істейді. Оның ішінде 8,1 мыңнан астамы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, 9,2 мың қызметкер жергілікті атқарушы органдарға қарасты.
Біз кәсіби мереке қарсаңында «Мен-орманшымын» челленджін бастаймыз. #менорманшымын, #ялесник, #орманшылар_күні хештегтерімен өтіп, сала мамандарының күнделікті жұмыс барысы, еңбек әулеттері, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлер туралы біле аласыздар.
Челлендж ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін жалғасады-орманшыларымыз жайлы посттар табиғат қорғау мекемелерінің парақшаларында жарияланбақ.
Орманымызды қорғап, орманшыларымызды қолдауға ат салысыңыздар!